САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ҰЖЫМ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Абай Нұрланов Жәйрем кенті әкімі аппаратының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған басым міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу, инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы бастамалар туралы баяндады.
Сондай-ақ кандидат алдағы сайлаудың маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың таңдауы өңірдің болашақ дамуына ықпал ететінін атап өтті.
28 қараша күні өз таңдауыңызды жасап, сайлауға қатысуға шақырамыз!
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.