САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ТҰРҒЫНДАРҒА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Халықпен тікелей байланыс орнатып, партияның бастамалары мен сайлауалды бағдарламасын әр шаңыраққа жеткізу мақсатында «Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов «Есіктен есікке» акциясы аясында Қарсақбай кентінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында кандидат тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған бастамалар туралы баяндады. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандырған өзекті мәселелерге назар аударды.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.