МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мәди Осажанов Қаражал қаласындағы Мансап орталығының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидат партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірді дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды. Атап айтқанда, халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды даярлау және жұмыссыз азаматтарды қолдау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидат айтылған ұсыныстардың маңыздылығына тоқталып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жұмыспен қамту бағытындағы бастамалардың өзектілігін атап өтті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *