Мәдениет және архив ісі ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы тағы 22%-ға өсті
Соңғы екі жылда 64 мыңға жуық мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 45%-ға көтерілді.
«2023 жылдың қаңтарынан барлық санаттағы қызметкерлердің — басшылар мен жетекшілер, негізгі персоналмен қатар, еден жуушы, күзетші, вахтер секілді жұмыскерлердің еңбекақысы көтерілді», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі.
Нұрқиса Дәуешов шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлердің еңбекақысын көтеру жоспарда бар екенін атап өтті.
«Ұлттық» мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы да екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осы санатқа жататын 5 ұйым бар.