«Әділет» партиясы кандидаттарының тұрғындармен жеке кездесулері жалғасуда.

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Мұқан Үңгітбаев партия ғимаратында азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, қала инфрақұрылымын дамыту, аулаішілік жолдарды жөндеу, сондай-ақ балалар ойын алаңдарын салу мәселелерін көтерді.

Кандидат тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, әрбір мәселе бойынша тиісті түсініктемелер берді. Көтерілген мәселелер назарға алынып, олардың шешілу жолдары бойынша жұмыстар жүргізу бақылауға алынды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *