Жұмысшы мамандықтар – экономиканың тірегі
2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама – қарапайым еңбек иелерінің қоғамдағы рөлін арттыру, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мақсатында қолға алынған маңызды қадам. Бүгінгі таңда еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығында жұмысшы мамандық иелерінің атқаратын рөлі орасан зор. Құрылысшы, механик, электрик, дәнекерлеуші, технолог, жүргізуші – осы және өзге де көптеген маман иелері ел игілігі үшін аянбай еңбек етуде. Жұмысшы мамандықтар жылында еліміздің барлық өңірлерінде түрлі іс-шаралар өткізіліп, шеберлік байқаулары, кәсіби форумдар мен көрмелер ұйымдастырылады. Бұл жастарға өз болашағын осы саламен байланыстыруға ынталандырады. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру ұйымдарының беделін арттыру мен олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту да басты назарда болмақ. Жұмысшы мамандықтар жылы – жас ұрпақты еңбекке баулудың, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтерудің, және ең бастысы, қарапайым еңбекке деген көзқарасты өзгертудің жарқын бастамасы. Осы жылы атқарылатын игі істер еліміздің болашағы үшін үлкен серпін береді.
Багдат Смагулова, Ералиев а/о тұрғыны