2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы

2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл шешім — жұмысшы кәсібінің мәртебесін көтеру, еңбек адамына деген құрметті арттыру мақсатында қабылданды. Бүгінде құрылысшы, электрик, слесарь, дәнекерлеуші, жүргізуші, механик, технолог сияқты мамандар барлық салада қажет. Ел экономикасының дамуы осы адамдардың еңбегіне тікелей байланысты. Жұмысшы мамандықтар жылы — бұл жай ғана атаулы жыл емес, бұл — қоғамның еңбекке деген құрметін арттыратын үлкен серпіліс. Еліміздің болашағы — білімді де білікті, еңбекқор ұрпақтың қолында. Ал еңбек адамына көрсетілген сый-құрмет — тұтас ұлттың еңсесін көтереді. Ендеше, еңбекке бас иіп, қарапайым мамандық иелеріне құрметпен қарау — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Жакиянова Жулдыз, Бидайық а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *