2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл бастама – қарапайым еңбек адамына, техникалық және кәсіптік білім иелеріне көрсетілген зор құрмет. Себебі ел экономикасының дамуы, әлеуметтік тұрақтылық, өндірістің ілгерілеуі – дәл осы жұмысшы мамандық иелерінің тынымсыз еңбегімен тікелей байланысты. Жұмысшы мамандық иелері – ауылда да, қалада да тіршіліктің қозғаушы күші. Олар зауытта, құрылыста, жолда, егістікте, әлеуметтік нысандарда аянбай еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып келеді. Мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білімге, жұмысшы кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Колледждер мен кәсіптік оқу орындары заманауи құрал-жабдықтармен қамтылып, өндірістік оқу жүйесі жаңартылып келеді. Жұмысшы мамандығын игеру – тек кәсіп емес, ол – өмірлік жол. Бұл жолда табандылық, дәлдік, жауапкершілік пен кәсібилік қажет. Еңбектің бағасын білетін ел ешқашан жаман болмайды. Сондықтан мектеп оқушыларына, жас буынға еңбекке құрметпен қарауды үйрету – басты міндет.
Мархаба Атембекова, кітапханашы