2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы

2025 жыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыруға, кәсіптік-техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты оятуға бағытталған маңызды қадам. Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы ең алдымен жұмысшы кадрлардың біліктілігі мен еңбекқорлығына байланысты. Бүгінгі таңда дәнекерлеуші, электрик, механик, құрылысшы, аспаз, шаштараз, токарь сынды мамандықтар – нарықта аса сұранысқа ие. Алайда, көп жағдайда бұл кәсіптер қоғамда төмен бағаланып жатады. Ал шын мәнінде, жұмысшы мамандықтары – кез келген елдің іргетасы, тірегі. Жұмысшы мамандығын игерген жастар қазіргі таңда шетелге кетпей-ақ, өз елінде жақсы табыс тауып, өмір сүру сапасын арттыра алады. Олардың білімі мен тәжірибесі – еліміздің индустриялық-инновациялық дамуында шешуші рөл атқарады.

Жаннұр Мусипова, Қызылжар а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *