Еңбек мәртебесі – ел мерейі

  2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны – еңбек адамына деген құрметтің артуы мен өндірістік салаға жаңа серпін берудің айқын дәлелі. Бұл бастама – қарапайым жұмысшының қоғамдағы орнын қайта бағамдап, олардың еңбегін дәріптеуге бағытталған маңызды қадам. Қазіргі таңда ел экономикасының дамуына үлес қосып отырған көптеген жұмысшы мамандықтар назардан тыс қалып жатады. Алайда металлург, дәнекерлеуші, құрылысшы, электрик, механик, тракторшы сияқты мамандық иелері күнделікті тіршіліктің ажырамас бөлігіне айналған. «Жұмысшы мамандықтар жылы» осындай кәсіп иелерінің маңыздылығын кеңінен насихаттап, жастарды кәсіптік білімге баулуға ықпал етеді. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру арқылы біз өндірістік саланы ғана емес, тұтас ұлттық экономиканы көтеруге жол ашамыз.

Жаннұр Мусипова,

Қызылжар а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *