Қамқорлыққа мұқтаж жандарға қолдау – қоғамның парызы
Қазіргі таңда ауданымызда әлеуметтік осал топтарға көрсетіліп жатқан түрлі көмектер көңіл қуантады. Бұл – көмекке мұқтаж азаматтарды қолдаудың маңызды жолдарының бірі деп есептеймін. Әсіресе, көпбалалы аналарға, жалғыз тұратын қарияларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп жатқан қолдау ерекше назарға лайық.
Сонымен қатар, ерекше күтімді қажет ететін балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға арнайы жеке оңалту бағдарламалары негізінде үйде әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Мұндай әлеуметтік қолдаулар аз да болса өмірге деген сенімді арттырып, адамдардың күнделікті тұрмыс сапасын жақсартуға зор ықпал етеді.
Қоғамдағы әрбір мұқтаж жанға көмектесу – үлкен сауапты іс. Біз қаншалықты көп адамға қол ұшын соза білсек, соншалықты ізгілік пен мейірім таратамыз. Сондықтан ауданымызда қолға алынып жатқан осы игі бастамаларды толық қолдаймын.
Ақниет Арыстан,
белсенді жас