Жұмысшы мамандығы – болашаққа бастар жол

  2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін арттыруға, кәсіптік білім мен өндірістік мамандықтарға деген қызығушылықты жандандыруға бағытталған маңызды қадам. Қай заманда да ел дамуының негізгі тірегі – еңбек. Тас қалап, темір балқытқан, егін егіп, жол салған жұмысшы маман – еліміздің экономикасын алға сүйрейтін басты күш. Өндіріс пен ауыл шаруашылығында, құрылыс пен көлік саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандар – бүгінгі күннің нағыз қаһармандары. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу – жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру, кәсіптік-техникалық білімнің маңызын түсіндіру. Бұл бастама еңбек адамының беделін көтеріп, жас ұрпақты нақты мамандық иесі болуға ынталандырады.

Өмірсерік Шубаев,

Ералиев а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *