Жұмысшы – қоғамның іргетасы

  2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл еңбек адамын дәріптеп, жұмысшы кәсібінің беделін көтеру жолындағы маңызды қадам. Қоғам дамуының тірегі – қарапайым еңбек адамы екенін ұмытпауымыз қажет. Өндірісте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, зауыт-фабрикаларда аянбай тер төгіп жүрген мамандар – ел экономикасының өзегі. Жұмысшы мамандығы – тек кәсіп емес, бұл – елге адал қызмет ету жолы. Қарапайым токарь, слесарь, механик, дәнекерлеуші, жүргізуші, ауыл еңбеккерлері – әрқайсысының атқарып жүрген ісі – күнделікті тіршіліктің тұтқасы. Жұмысшы мамандықтарды қолдау арқылы мемлекет жастардың техникалық білімге деген қызығушылығын арттырып, кәсіптік колледждер мен оқу орындарының беделін көтеруді көздейді. Еңбек адамының лайықты өмір сүруі, әлеуметтік жағдайының жақсаруы – басты мақсаттардың бірі.

 Жакиянова Жулдыз,

Бидайық а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *