Ұлытау облысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысуда

  Бүгін ауданымызда еліміз бойынша қолға алынған ТазаҚазақстан акциясы аясында маңызды шара ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы саябақта тұрғындарға арналған экологиялық бағыттағы үнпарақтар таратылып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы насихатталды.

  Акцияның басты мақсаты — табиғатты аялауға үндеу және аудан тазалығына деген жауапкершілікті арттыру. Бұл бастама – тек тазалық сақтау ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын үлгісі.

“Табиғат – біздің ортақ үйіміз!
Оны таза ұстау – әрқайсымыздың міндетіміз!”

Тұрғындар акцияны белсенді қолдап, экологиялық үндеулерге оң көзқарас танытты.

#TazaChallenge
#ТазаҚазақстан
#TazaQazaqstan
#ТазаҚазақстанҰлытауоблысы
#TazaChallengeUlytau
#TazaQazaqstanUlytau

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *