Жұмысшы мамандықтар жылы – ел дамуының негізі

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – қоғамдағы еңбек адамына деген құрметтің арта түскенін айқындайды. Бұл бастама – жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, жастар арасында кәсіптік білімге деген қызығушылықты ояту және еліміздің өндірістік әлеуетін нығайту мақсатында қолға алынған маңызды шара. Кез келген елдің дамуы ең алдымен еңбекке негізделген. Инженер, құрылсшы, электрик, механик, технолог сияқты жұмысшы мамандық иелері — өнеркәсіп пен инфрақұрылымның негізгі қозғаушы күші. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру мекемелері заман талабына сай жаңартылып, дуалды оқыту жүйесі енгізіліп, оқушылар өндірістік тәжірибені тікелей жұмыс орнында алу мүмкіндігіне ие болды.

Жаннұр Мусипова, Қызылжар а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *