Жұмысшы мамандығы – қоғам тірегі

    2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл – елімізде жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, жастарды техникалық және кәсіптік білімге баулу мақсатында қолға алынған маңызды бастама. Себебі кез келген елдің экономикалық дамуы, өндірістік қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы – білікті мамандарға тікелей байланысты. Қоғамда кейде жұмысшы кәсіптері елеусіз қалып жатады. Алайда дәнекерлеуші, электрик, құрылысшы, токарь, наубайшы, механик, жүргізуші секілді мамандық иелері – ел тіршілігін қамтамасыз етіп отырған жандар. Оларсыз заманауи өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларын елестету мүмкін емес. Жұмысшы мамандықтар жылы – тек бір жылдық акция емес, бұл қоғам санасын өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның бастауы. Жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңартып, жұмысшы еңбегіне құрметпен қарауға үйрету – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Қай салада болмасын – кәсіби шеберлік пен адал еңбек әрқашан жоғары бағаланады.

  Жақиянова Жұлдыз,

  Бидайық а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *