Жұмысшы мамандықтары – ұлт дамуының діңгегі

  2025 жыл Қазақстанда ресми түрде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілді және қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыру, жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Жұмысшы мамандықтары — кез келген мемлекеттің даму негізі. Құрылысшы, дәнекерлеуші, механик, электрші, жүргізуші сынды мамандарсыз бірде-бір сала өз жұмысын толыққанды жүргізе алмайды. Бұл бастама қоғамдағы мамандықтар теңдігін нығайтып, жастарға еңбекқорлық пен кәсіпке адалдықты үлгі ететін болады. Жұмысшы мамандықтар орындарын дамыту – ел болашағына, оның технологиялық және экономикалық дамуына салынған инвестиция.

Ардақ Досаева,

Орынбай а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *