Жұмысшы мамандықтар — заман талабы
Қазіргі заманда өндірістік және техникалық салалардың дамуына тікелей үлес қосатын жұмысшы мамандықтардың маңызы ерекше. Электр дәнекерлеуші, токарь, құрылысшы, сантехник, жүргізуші, тігінші, аспаз, механик сияқты кәсіптер – кез келген елдің экономикасының негізі. Бұл мамандық иелері күнделікті өмірдің барлық салаларында еңбек етеді және қоғамның тұрақты дамуына айтарлықтай үлес қосады. 2025 жыл елімізде Президентіміздің бастамасымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама қоғамның еңбек адамына деген құрметін арттырумен қатар, елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ететін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын қайта бағалауға үлкен серпін береді.Бүгінгі таңда кәсіптік білім беру жүйесі заманауи талаптарға сай жаңартылып, жастарды жұмысшы мамандықтарға баулуға бағытталуда. Жоғары білікті жұмысшы – бұл тек маман ғана емес, өз ісінің шебері, еңбек адамына деген құрметтің үлгісі.
Мархаба Атембекова,
кітапханашы