Жұмысшы – мерейлі мамандық
2025 жыл — елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл — қарапайым еңбек иелеріне деген зор құрметтің, ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жұмысшылардың мәртебесін арттырудың айқын көрінісі. Өйткені кез келген мемлекеттің іргесін қалаушы, тіршілігін алға бастырушы күш — еңбек адамдары. Тәуелсіздік жылдарынан бері елімізде білім, ғылым және технология салаларына ерекше көңіл бөлініп келеді. Енді бұл үрдіс кәсіби-техникалық білім беру мен жұмысшы мамандықтарын жаңа деңгейге көтерумен жалғасуда. Мемлекет жұмысшы кадрларды даярлауға баса назар аударып, колледждер мен техникалық оқу орындарын жаңғыртып, жастарға тегін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуде. Бұл — болашақта білікті әрі білімді мамандар қатарын арттыруға бағытталған нақты әрі маңызды қадам. Адал еңбек — әрдайым құрметке лайық. Сондықтан жұмысшы мамандық иелерін дәріптеу, олардың қоғамдағы беделін арттыру — барша жұртқа ортақ міндет.
Ақниет Арыстан, белсенді жас