Еңбекке деген құрмет – ел болашағына салынған жол
Биылғы 2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама — қарапайым еңбектің, тынымсыз тіршіліктің иелеріне деген құрметтің, ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жұмысшы жандардың мәртебесін көтерудің жарқын көрінісі. Өйткені кез келген мемлекеттің іргесін қалап, тіршілігін алға сүйрейтін — дәл осы еңбек адамдары. Тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде білім беру, ғылым, технология салаларына баса мән берілсе, енді бұл үрдіс кәсіби-техникалық білім мен жұмысшы мамандықтарының жаңа деңгейге көтерілуіне ұласуда. Мемлекет жұмысшы кадрларды даярлауға ерекше назар аударып, колледждер мен техникалық оқу орындарын жаңғыртуда, жастарға тегін білім беру мүмкіндігі артып келеді. Бұл — болашақта білікті де білімді мамандар қатарын арттырудың нақты қадамы. Адал еңбек еткен адам әрқашан құрметке лайық. Сондықтан да жұмысшы мамандық иелерін дәріптеу, олардың мәртебесін көтеру — барша қоғамның ортақ міндеті.
Аринов Ғани,
Түгіскен а/о тұрғыны