Құрметті Жаңаарқа ауданы тұрғындары мен қонақтары назарына!

Құрметті Жаңаарқа ауданы тұрғындары мен қонақтары назарына! Ағымдағы жылдың 4 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Жаңаарқа ауданы аумағында «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу ісшарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты азаматтар арасында экологиялық мәдениетті насихаттау және түсіндіру. Экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу.

Қоршаған ортаны ластаушыларды анықтау, рұқсатсыз қоқыс тастау фактілерін болдырмау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.

Санитарлық нормаларды сақтамаған жеке және заңды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдау бағытында жұмыстар жүргізу болып табылады. Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары Жаңаарқа ауданының полиция бөлімі Сіздерді өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу іс-шарасына белсене қатысып, ауданымыздың көркеюіне өз үлестеріңізді қосуға шақырады!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *