Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбектің нағыз күші

  Бүгінде ел дамуының негізі – адал еңбек пен кәсіби шеберлікке тікелей байланысты. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еңбек адамын бағалау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды кәсіптік білімге ынталандыру мақсатында қолға алынған маңызды қадам. Қазіргі уақытта елімізде техникалық және жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Құрылысшы, дәнекерлеуші, механизатор, электрші, аспаз, тігінші секілді мамандар – өндіріс пен қызмет көрсету саласының басты тірегі. Оларсыз заманауи қоғамның дамуын елестету мүмкін емес. Сонымен қатар, жастар арасында жұмысшы кәсіптерге қызығушылықты арттыру мақсатында мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары күшейтіледі. Бұл өз кезегінде, қоғамда жұмысшы еңбегінің абыройын көтеріп, қол еңбегіне деген дұрыс көзқарасты қалыптастырады.

  Игілік Мағжан,

Ақтау а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *