Қоғамның қозғаушы күші — еңбек адамы

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл — қарапайым жұмысшыға көрсетілген зор құрметтің белгісі. Қазіргі таңда қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс артып келеді. Электрик, дәнекерлеуші, құрылысшы, тракторшы, аспаз, тігінші, сантехник сияқты мамандар — күнделікті тіршіліктің негізгі тірегі. Олардың еңбегі – көзге көрінбесе де, қоғам өмірінің маңызды бөлігі. Сонымен қатар, бұл жыл — жастар арасында жұмысшы мамандықтарына қызығушылықты арттырып, қоғамдағы еңбек адамының маңызын қайта тануға жол ашады. Бұл бастама еңбек адамына деген құрметті арттырып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына да тың серпін беретіні анық.

Гулнафись Токтыбаева,

Ақтүбек ЖОББМ оқу ісінің меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *