Еңбек – елдің негізі
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл жыл еңбек адамының мәртебесін көтеру, кәсіби-техникалық білімнің маңызын арттыру мақсатында белгіленіп отыр. Бүгінгі таңда еліміздің экономикасы мен әлеуметтік саласының тұрақты дамуы – білікті жұмысшы кадрлардың еңбегіне тікелей байланысты. Қоғамға нақты іс жүзінде жұмыс істейтін, өндірістің алдыңғы шебінде жүрген мамандар ауадай қажет. Электрик, дәнекерлеуші, құрылысшы, аспаз, жүргізуші, механик, шаштараз, тігінші сияқты мамандықтар – ел дамуына үлес қосып келе жатқан маңызды кәсіп иелері. Жұмысшы мамандықтар – тек еңбек қана емес, бұл – кәсіп, тұрақты табыс көзі және дамуға жол.
Мархаба Атембекова,
кітапханашы