Жұмысшы мамандықтар қоғамның қозғаушы күші 7 апреля, 2025 0 Қаралым: 18 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Президент өз сөзінде: «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі реформалау қажет. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы біз қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилікті насихаттаймыз», – деп атап өтті. Бұл бастама қоғамда еңбекқор, өз ісінің шебері болу идеясын кеңінен таратуға бағытталған. Еңбекке құрметпен қарау, кәсіби біліктілікті жоғары бағалау – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі алғышарттарының бірі болып табылады. Жұмысшы мамандықтарының беделі мен бағалануына түрлі факторлар әсер етеді: елдің мәдениеті, білім беру жүйесінің деңгейі, еңбек нарығының сұранысы және экономиканың құрылымы. Көптеген дамыған елдерде жұмысшы мамандықтары жоғары бағаланады, бұл олардың тиімді әлеуметтік және экономикалық жүйесінің айқын көрсеткіші. Сондай-ақ, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек шарттарын жақсарту және әлеуметтік қолдауды күшейту – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Ақниет Арыстан, белсенді жас Facebook Pinterest