Жұмысшы мамандықтар жылы — ел дамуының кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды.. Бұл шешім жұмысшы кәсіптерінің ел экономикасындағы маңызды рөлін нығайтуға және әлеуметтік прогресті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық қадам болып табылады. Президенттің айтуынша, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау – уақыт талабы. Бұл өзгерістер жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилікті дәріптеуге ықпал етпек. Жұмысшы кәсіптерін бағалау – елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Білікті мамандарды даярлау арқылы Қазақстан инновациялық даму мен тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ете алады.
Багдат Смагулова, Ералиев а/о тұрғыны