Жұмысшылар жылы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялады. Бұл шешім техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қоғамда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Қазақстанда жұмысшы мамандықтарының ауқымы кең. Механиктер, электриктер, слесарлар, дәнекерлеушілер, кондитерлер, медбикелер, тігіншілер және басқа да мамандық иелері өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы салаларында маңызды рөл атқарады. Жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдауды күшейту – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Осы мақсатта мемлекет еңбек адамының мәртебесін көтеру, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және оларды қолдау бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Бүгінде жұмысшы мамандықтары жоғары сұранысқа ие, технологиялық тұрғыдан дамуда, сондай-ақ еліміздің өнеркәсібін, құрылысын және инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл – лайықты еңбекақы төленетін және болашағы бар мамандықтар.
Мархаба Атембекова,
кітапханашы