Жұмысшы мамандықтар жылы: Еңбек – елдің тірегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Қазақстанда жұмысшы санатына әртүрлі мамандықтар кіреді. Олардың қатарында: Механиктер – автокөліктер мен машиналарды жөндейтін мамандар. Электриктер – электр жүйелері мен құрылғыларын орнату және жөндеу. Слесарлар – металл конструкцияларын өңдеу, жөндеу. Дәнекерлеушілер – металл бөлшектерін дәнекерлеу. Столярлар – ағаштан бұйымдар жасау. Кондитерлер – тәтті өнімдер дайындау. Медбикелер – медициналық көмек көрсету. Тігіншілер – киім мен басқа текстиль бұйымдарын тігу және тағы басқа мамандықтар. Бұл мамандықтар өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы сияқты түрлі салаларда маңызды рөл атқарады. Қазақстанда жұмысшы мамандықтарын әлеуметтік қорғау жүйесі біртіндеп дамып келеді, бірақ әлі де жетілдіруді қажет ететін аспектілер бар. Жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек шарттарын жақсарту және әлеуметтік қолдауды күшейту – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Нұртаза Айгерим, журналист