2025 — жұмысшы мамандықтар жылы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау қажеттігін атап өтті. Бұл қадам қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын дәріптеуге және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. “2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту қажет. Биылғы жыл қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеяларын ілгерілетуге ықпал етеді”, – деді Президент. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев адал еңбек етіп, табысқа жеткен адамдар әрдайым құрметке лайық екенін атап өтті. Бұл қағидат “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” ұстанымымен толық үндеседі. Өз ісін жетік меңгерген мамандар – елдің дамуы мен ұлт сапасын арттырудың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан Қазақстанда еңбек адамының мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса бермек.
Ақниет Арыстан, белсенді жас