Жұмысшы мамандықтар жылы: мемлекеттің қозғаушы жылы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Президенттің айтуынша, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилік идеясы кеңінен насихатталады. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына негізделген бұл бастама елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. «Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік жоғары бағалануға тиіс. Өз ісін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әр адам жауапкершілікті сезініп, өз міндетін сапалы орындауы керек. Сонда ғана еліміз тұрақты дамудың жолына түседі», – деді Мемлекет басшысы. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, кәсіби шеберлікті арттыруға, сондай-ақ жастардың осы салаға деген қызығушылығын оятуға бағытталған.
Ақниет Арыстан, белсенді жас