Жұмысшы мамандықтар жылы: Болашақтың негізгі құрылысшысы

Жұмысшы мамандықтар жылы – ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын маңызды қадам. Бұл шешім жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, қоғамда олардың маңызын түсіндіру және осы саланы қолдау мақсатында қолға алынып отыр. Жұмысшы мамандықтарына деген сұранысты арттыру мақсатында мемлекет бірқатар бастамаларды қолға алуда. Тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы арқылы жастар мен жұмыссыз азаматтарға жаңа мамандықтарды игеру мүмкіндігі берілуде. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мақсатында түрлі конкурстар, форумдар мен ақпараттық науқандар өткізілуде. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосады. Бұл салада еңбек етіп жүрген азаматтар – мемлекет дамуының қозғаушы күші. Сондықтан әрбір еңбек адамының еңбегі бағаланып, жастарды осы мамандықтарға қызықтыру – қоғамның басты міндеті.

Мархаба Атембекова, кітапханашы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *