Еңбегімізбен әлемге үлгі боламыз
2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама еңбек нарығындағы маңызды жұмысшы мамандықтарына деген сұранысты арттыру, жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру, сондай-ақ жұмысшы кадрлардың біліктілігін жақсарту мақсатында қолға алынған. Жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын арттырып, мамандардың кәсіби деңгейін көтеру және жастарды сапалы мамандықтарға дайындау арқылы ел экономикасына оң әсер ету көзделуде. Жұмысшы мамандықтар орындарын дамыту – ел болашағына, оның технологиялық және экономикалық дамуына салынған инвестиция. Бұл бастама тек жұмысшы мамандықтарына ғана емес, тұтас Қазақстанның дамуына серпін береді. Біз өз еңбегімізбен әлемге үлгі бола аламыз.
Гулнафись Токтыбаева,
Ақтүбек ЖОББМ оқу ісінің меңгерушісі