1 наурызда Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады

Төтенше жағдай министрлігі осылайша құлақтандыру жүйесін тексеруді жоспарлап отыр.

«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында 2023 жылғы 1 наурызда сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеріс жүргізу жоспарланған. Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *