Дүниежүзілік сайлау күні. Сайлау маңызды іс-шара
2020 жылғы 6 ақпанда Будапештте 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен Сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясының шеңберінде белгіленген Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтіледі.
Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEEO) бастамасы бойынша жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Жаңаарқа аумақтық сайлау комиссиясы да осы күнді атап өту, азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жақсарту проблемасына жұрттың назарын аудару мақсатында іс-шаралар жоспарын бекітуде. Осы күнді өткізудің басты міндеттері – қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру болып табылады.
2021 жылы 25 шілдеде елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдері тікелей сайланып, тұрғындардың белсенділігімен есте қалған. Жаңа форматта ұйымдастырылған саяси науқан тиімділігін дәлелдеді. Таңдау тұрғындардың өзіне берілсе, кез келген тұрғын өз ауылының болашағына бейжай қарамайтынын аңғардық. Көпшіліктің күткені де сол. Бірақ бұл реформа дұрыс әрі дер кезінде іске асты. Ұтымды шешім! «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы осылай жүзеге асуға тиіс. Билік пен қоғам арасында нәтижелі диалогтың басталғаны қуантады.
Кез келген сайлаудың өтетін уақыты алдын ала белгілі болады. Маңызды науқанға дайындық жұмыстары ерте қолға алынады. Мемлекеттің болашағына бейжай қарамайтын тұрғындар да таңнан таңдауын жасап, белсенділік танытады. Ұйымдастыру жұмыстары жан-жақты жүргізіледі. Дауыс беруге ниет болса жеткілікті. Денсаулық жағдайына байланысты учаскеге келе алмайтын азаматтарға олардың өтініші негізінде комиссия мүшелері үйлеріне барады. Тіпті уақытша ұстау изоляторлары мен ауруханаларда да дауыс беру қарастырылған. Елдік мәселе де көптің ұсынысымен, кез келген деңгейдегі сайлауға барып, өз таңдауын жасаумен шешілетіні анық. Демократиялық сайлау мен елдік мәселені ойлау бір-бірімен тығыз байланысты. Ендеше, сайлауда дауыс беру – әр азаматтың міндеті.
Өсетін елдің азаматтары сайлауда өз таңдауын жасайтыны сөзсіз.
Жаңаарқа аумақтық сайлау комиссиясы