«Жұмысшы мамандықтар» жылы
2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына жаңа серпін беретін маңызды бастама. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, олардың беделін арттыруға бағытталған. Жұмысшы мамандарды әлеуметтік тұрғыда қолдау, қауіпсіздік шараларын жақсарту және жалақыны өсіру арқылы бұл саланың тартымдылығын арттыру көзделуде. Жастардың жұмысшы мамандықтарына бет бұруы еңбек нарығындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл елдің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Осы бастаманың арқасында адал және табанды еңбекпен табысқа жеткен мамандардың еңбегі мен жетістіктері кеңінен насихатталып, оларға лайықты құрмет көрсетіледі.
Лаула Матай,
волонтер