Ұлытау облысының ПД-нің нұсқауына байланысты 2025 жылдың қаңтар айының 20-29 күндері аралығында «Тұрмыс» атты іс-шара өткізілуде.

Ұлытау облысының ПД-нің нұсқауына байланысты 2025 жылдың қаңтар айының 20-29 күндері аралығында «Тұрмыс» атты іс-шара өткізілуде. Аталған  іс-шараның негізгі  мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, масаң күйінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және есепте тұрған тұлғалар жасайтын ауыр және аса ауыр қылмыстарды ескерту, алдын алу. Қылмысқа және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтап есептерге алу сонымен қатар есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру болып табылады.

 Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде Профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтар анықтау. Маскүнем тізімдік есебінде тұрған тұлғалардың арасынан маскүнемдіктен өз еркімен емделуден бас тартқан тұлғаларды анықтап, бұлар бойынша арнайы емдеу мекемесіне жолдау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жаңаарқа ауданының көлемінде ҚР ӘҚБК-нің 73, 127, 423-1, 200, 440, 442, 461, 669 (2,3,4 б) баптарын анықтау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Осының негізінде, «Тұрмыс» атты жедел профилактикалық іс шара өткізілу кезінде қылмыстардың алдын алу және құқықбұзушылыққа жол бермеу  үшін  құқық қорғау органдары мен  мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп жұмыс атқару қажет.

        Жаңаарқа ауданының Полиция бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *