«Жұмысшы мамандықтар жылы–еліміздің дамуына үлкен серпін»

  2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – өте маңызды әрі, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен серпін береді. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мақсатында Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсетіп, олардың беделін арттыруға ықпал етеді. Жұмысшы мамандарды әлеуметтік қамтамасыз ету мен қауіпсіздік мәселелерін оңтайландыру, жалақы деңгейін өсіру оның тартымдылығын арттырады. Көптеген жастар осы салаларға бет бұрса, еңбек нарығын теңгерімдеп және қоғамдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге көмектеседі. Жастар осы салаларға үлес қосу арқылы елдің дамуына тікелей қатыса алады. Осылайша адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдардың еңбегі, өмірі насихатталып құрмет көрсетіледі.

Мердан Атамұрат,

Жаңаарқа аудандық мәслихатының депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *