Құндылықтарды сақтау: қазақстандық қоғам және құқықтық тәртіп
Мемлекеттілікке, адамзатқа, балалық шаққа қарсы қылмыс жасаған адамдарға қазақстандық қоғамда орын жоқ. Мемлекет пен қоғамның негізгі мақсаты – әрбір азаматтың құқықтарын қорғау, қауіпсіз және әділетті орта құру. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері қабылдаған заңдары мен халықаралық шарттарға қосылуы мемлекеттің адам құқықтарына басымдық беретінін көрсетеді. Алайда кейбір адамдардың мемлекеттілікке, адамзатқа және балалық шаққа қарсы жасаған қылмыстары қоғам үшін үлкен қауіп төндіреді. Әділеттілік, адам құқықтарын қорғау және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз. Бұл қылмыстарды түп-тамырымен жою үшін, мемлекет пен қоғам бірлесе отырып жұмыс жасауы керек. Тек осылай ғана біз әділетті және бейбіт қоғам құра аламыз.
Арыстан Ақниет,
белсенді жас