Үкімет 2025 жылы 19 млн шаршы метр үй салуды жоспарлап отыр
Үкімет 2025 жылы Қазақстанда 19 млн шаршы метр үй салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш. 2024 жылдың Қараша айында Президент «Тұрғын үй заңнамасын реформалау туралы» Заңға қол қойған болатын. Реформа тұрғын үй алу кезегіндегі азаматтарға баспана беру процесінің ашықтығын арттыру мақсатында жүргізілді. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтары санатындағы мұқтаж азаматтар үшін әкімдіктер 20 мыңнан астам пәтер сатып алынды. Оның 13 мыңға жуық отбасы алғаш рет жеке баспананың иесі атанды. 2025 жылы елімізде 19 млн. шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн. шаршы метр салу жоспарлануда. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.
http://Бақытгүл Сатбергенова, Атасу ЖББ мектебінің ағылшын пәні мұғалімі