Жолдау – 2024: Әділетті Қазақстан
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқына жариялаған Жолдауы еліміздің тұрақты дамуына септігін тигізетін бағытқа айналды. Ең алдымен халықты алаңдатып отырған бірқатар өзекті мәселелерге баса назар аударды. Біздің ел – экономика жағынан тұрақты дамып келе жатыр. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Жолдаудың негізгі мақсаты – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу. Мемлекет басшысы денсаулыққа, еліміздің қауіпсіздігін сақтауда, кадрлық әлеуетті жақсартуда өз ұсыныстарымен бөлісті. Сондай-ақ, ақша-несие саясаты жайында сөз қозғалды. Негізінде бұл мәселе қаржылық сауаттылықтың болмауынан туындайды. Сол себепті, Мемлекет басшысы Банктер туралы жаңа заң қабылдау қажет екенін және мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық цифрлық сауаттылық негіздерін оқыту енгізілетіндігін атап өтті. Бұл азаматтарымыздың қаржылық, несие мәселесін жоюға көмектеседі. Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек.
Мархаба Атембекова, Жұмажанов а-о тұрғыны