Жұмысты мамандықтар жылы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ еліне жариялаған Жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың маңыздылығына тоқталып өткен болатын. Әсіресе, 2025 жылдың жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы — еліміз үшін маңызды бастама. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін арттырып, олардың беделін көтеру үшін жасалып отырған қадамдардың бірі деп білеміз. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыру үшін кәсіптік колледждер мен оқу орындарына қолдау күшейтіледі. Бұл жастардың білім алып, болашақта өз орнын табуына мүмкіндік береді. Жалпы, жұмысшы мамандықтары өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты елдің экономикалық салаларын дамытудың негізі болып табылады. Бұл бастама тек жұмысшы мамандықтарына ғана емес, тұтас Қазақстанның дамуына серпін береді. Біз өз еңбегімізбен әлемге үлгі бола аламыз.

Ақниет Арыстан, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *