ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді. Бұл болашақта қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өте маңызды бастама. Білім беру саласында 5 жастан 18 жасқа толғанға дейін техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтай алады. Мемлекеттік білім беру грантын алған жағдайда қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға болады. Сондай-ақ, Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы түрде жұмысты жалғастыруда. Жоғары стипендия алу мүмкіндігі де сақталады. Және студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Жастарымыздың өмір сапасы мен мүмкіндіктерін арттыру еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына оң әсер ететініне сенімдіміз.
Еркегүл Тәттімбекова, Жаңаарқа аудандық Аналар кеңесінің мүшесі