Заң — қоғамның тірегі

Мемлекет соттық-құқықтық жүйеде тепе-теңдікті сақтайды. Бұл жүйенің тиімділігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, құқықтық мемлекет принциптерінің орындалуына негізделеді. Қазақстанның құқықтық жүйесі осы талаптарға сай дамып келеді, оның ішінде полиция, прокуратура, сот және Конституциялық сот сынды органдардың атқаратын рөлі ерекше. Полиция қылмыстарды айқындап, күдіктіні анықтайды және дәлелдемелік базаны жинақтайды. Прокуратура азаматтардың құқықтарын қорғау мүддесінде заңдылықтың сақталуын қадағалайды, құқық қорғау органдарының атқарған жұмыстарын объективті түрде бағалайды, сотта айыптаушы қызметін атқарады. Соттар қорғау мен айыптаудың дәлелдеріне бірдей негізделген, әділ және біркелкі үкім шығарады. Айқын қайшылықтар болған жағдайда еліміздің азаматтары Конституциялық сотқа жүгінеді.

Қуаныш Төлеутай, журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *