Адам құқығы — ең қымбат қазына

Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және қорғау. Осы тұрғыда Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Бас Прокурор тергеу сатысында меншік құқықтарының конституциялық кепілдіктеріне және азаматтардың құқықтарын сақтауға қатысты мәселелер бойынша Конституциялық Сотқа жүгіну үшін жаңа өкілеттіктерді белсенді пайдалануда. Меморандумның мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимылды күшейту. Мұндай қадамдар Қазақстан қоғамында құқықтық сананы дамытуға және азаматтардың құқықтық жүйеге деген сенімін күшейтуге ықпал етеді.

Мердан Атамұрат, Жаңаарқа аудандық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *