СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Биылғы жыл ауданымыз үшін ерекше естеліктерімен есте қалды. Су тасқынынан зардап шеккен Қараағаш ауылының тұрғыны Алпыс Исаковқа пәтер кілті табысталған болатын. Жалпы, баспана аумағы-80 шаршы метрге жуық. Құны 21 млн. 600 мың теңге құрайды. Айта кетейік, биылғы көктем барша қазақстандықтар үшін зор қиыншылық әкелді. Еліміздің батысы мен солтүстігінде су тасқынының салдарынан ауыл-ауылдар су астында қалды. Тасыған судың зардабы Қараағаш ауылынан да айналып өтпеді. Ауыл тұрғындары Алпыс Исаков пен Жамбыл Шотовтың үйін су басты. Бүгінде тұрғын үйі жарамсыз қалған бір отбасына арнайы үй тұрғызылса, екінші отбасына өз өтініштері бойынша аудан орталығынан баспана берілді. Осындай қиын кездердің барлығы өткен жылда қалып, келер жыл ауданымыз үшін жаңа бастамаларымен толы болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *