ЕТТІ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН КОМБИНАТ
Биыл ауданымызда етті қайта өңдейтін комбинат тұрғындарға есігін айқара ашты. Бұл нысан Ақтайлақ елдімекенінде бой көтерген болатын. Аумағы 1000 ш.м.-ден асатын ғимараттың өз зертханасы, консерві цехы, мұздатқыш және тоңазытқыш камералары, қоймалары, мал сою базасы, тері сақтайтын орны, ішек-қарын аршу цехы бар. Цехта тәулігіне 3000 консерві өндіру жоспарланса, мұнда жартылай фабрикаттар да дайындалады. Комбинат орналасқан 4 гектар аумақтың жанында қызметкерлерге арналған жатақхана, асхана, қонақ бөлме ғимараты бар. Қазіргі таңда жаңа өндіріс орынында 20 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ауданымызды көркейтетін, дамытатын түрлі нысандар бой көтере берсін.