Жыл сайын ауданымызда кәсіпкерлікке бет бұрған жастарға қолдау көрсетілуде.
Жыл сайын ауданымызда кәсіпкерлікке бет бұрған жастарға қолдау көрсетілуде. Биылда аудан әкімінің қайтарымсыз гранты негізіндегі қаржы бөлу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келді. Ерінбей еңбек етуді мақсат еткен грант иегерлері шағын кәсіптен-ақ көктеп, көгеріп жүр. Соның бірі Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің тұрғыны – Ернұр Байысов. Өткен жылы өзінің бизнес-идеясын ұсыну арқылы аудан әкімінің грантына қатысып, қайтарымсыз қаражат алған болатын. Алған қаражатына қажетті құрал-жабдықтарын алып, тұрғын үйінің маңына шағын ғимарат тұрғызып, 2 бөлмелі нысанды наубайхана ашты. Қазіргі таңда шағын кәсібін дөңгелетуді бастап, ауыл тұрғындарын тәтті нанмен қуанту үстінде.