“МАХАББАТ ӘЛЕМІ” АЛАҢЫ

Ауданымызда биыл алғаш рет креативті жаңа жоба іске қосылды. Бір-біріне ғашық жұптарға арналған алаң, аудан орталығындағы “Тәуелсіздік” саябағында ашылды.“Махаббат әлемі” жүздесу орынын ашып отырған Әли Сыздықтың аталмыш жобасы, аудан әкімінің грантын ұтқан болатын.Бүгінде жас кәсіпкер алға қойған мақсатын жүзеге асырып, аудан жастарына заманауи жоба ұсынып отыр.“Махаббат алаңында” екі түрлі локация қарастырылған. Біріншісі – жігіттің қызына сөз салуына арналған алаң болса, екіншісі – жастардың достарымен бірге бас қосып, қуаныштарымен бөлісетін орын. Ауданымыздың мерейін ашатын түрлі жобалар болашақта көп болсын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *