Заң үстемдігі — Ел мәртебесі

Мемлекетіміздің негізгі стратегиялық мақсаттарына заң үстемдігі мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендік жетістіктерін одан әрі нығайту, ортақ ұлттық мүдделерді қорғау және азаматтық қоғам құру жатады. Қазіргі заманғы сын-қатерлер мен нақты жағдайлар, соның ішінде саяси және демократиялық институттардың дамуы жағдайында сот жүйесі сындарлы өзгерістерге ұшырауда. Судьялардың тәуелсіздігін дамыту, сот процестерінің тиімділігін арттыру және заңнаманы жетілдіру басты назарда. Бұл бағытта құқықтық мемлекет принциптеріне сәйкес, сот инстанцияларының міндеттері мен функцияларының аражігі нақты ажыратылып, сот істерінің әрбір жекелеген жағдайда әділдік пен заңдылыққа кепілдік беретін жылжу тәртібі ретке келтірілген.

Қуаныш Төлеутай, волонтер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *