Пеш жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі
Жылыту маусымы — өрттердің туындау себептері әдеттегіге қарағанда анағұрлым көп болатын кезең, пештер, қолдан жасалған жылыту электр аспаптары, жертөлелерде, нақты тұрғылықты орны жоқ адамдардың жиналу орындарында, басқа да орындарда от жағу себеп болады.
Пеш бұл тек жылу көзі ғана емес, сондай-ақ өрт шығатын орын екенін де есте сақтау керек. Көбінесе пештерді қараусыз қалдырғанда қауіп көп төнеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелерінiң сақтық шаралары туралы ұмытып кетуі алаңдатады. Біріншіден, жанудың себебі пештерді орнату қағидасын бұзудан болуы мүмкін. Бұл түтін құбырларының өту орындарын жеткіліксіз бөлу, пеш және қабырға арасында бос орындардың аз болуы. Бұған қосымша пеш алдында отқа төзімді темір табанның болмауын жатқызуға болады, осының салдарынан түскен көмірден еден тұтанады. Тағы бір зардап — бұл пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу, кейде жылыту аспаптары толық жарамды болған кезде де қиын жағдайлар туындайды. Пешті бензин, керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтармен жағу кезінде және ұзындығы пештің өлшемінен асатын ағаш отынды пайдаланғанда, сондай- ақ пешті шамадан тыс қыздыру жиі қателіктерге ұрындырады. Пештің үстіңгі жағы жылу екпінінен белгілі бір температураға дейін қызады. От жағу аяқталғаннан кейін, бірнеше уақыт өткен соң кірпіштің сыртқы және ішкі беттерінде температура бірдей бола бастайды, бұл пештің шамадан тыс қызуына әкеп соғады. Осыны болдырмау үшін, жанатын отынның көлемін қатаң қадағалау қажет. Көп уақыт жанбаған суық пешті жұмыс температурасына баяу жағып келтіру қажет. Ол үшін отынды жағар алдында аз салу керек. Сондай-ақ осы тақырыпты айта отырып, пеш жағатын үй тұрғындарының басқа қауіптерін айтпай кету мүмкін емес. Сөз барлық материалдардың (көп жағдайда синтетикалық, пластикалық, лак, маталардың кейбір түрлері) іс жүзінде жануынан бөлетін улы газ туралы болып отыр. Түсі мен иісі болмайтын осы қоспалар ауада шоғырлануына байланысты адамдардың әр түрлі
ауыр дәрежеде улануына әкеп соғады. Қызыл сөзден гөрі факті көрсеткендей, адамдардың қаза табу себебінің 49% -ы өрт кезінде улы газбен улану болып табылады. Улы газдың түсі, дәмі және иісі болмағанымен уландырғыш болып табылады және тітіркендірмейді, оны адамның табуы өте қиын. Толық жанып бітпеген көмір, көмір-қышқыл газымен өзара әрекеттесіп, улы газ пайда болады. Өрт шыққан жағдайда, ең алдымен 101 номерін теріп, азаматтық қорғау қызметін шақырыңыз. Өз мекен-жайыңызды дұрыс жеткізіп, өртеніп жатқан жерді сипаттап беріңіз. Өрт сөндірушілер келгенше, өрт көзін жабуға әрекет жасаңыз. Өрт өршіп кетсе және Сіздің оны оқшаулауға шамаңыз келмесе электр ажыратқышты өшіріңіз. Егер мүмкін болса, өрттің өршуін көп еселейтін газ баллонды сыртқа шығарып, есіктерді жауып, өртеніп жатқан жерден қауіпсіз аймаққа шығыңыз.